Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстандықтарға балалармен серуендеуді тоқтата тұруға кеңес берілді

2020 жылдың 30 шілде 2020 20:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтарға сәбилермен және балалармен серуендеуді тоқтата тұруға кеңес берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сәбилерге қатысты айтарым, оларды қорғау керек. Олардың да үйде болғаны жөн. Оларға маска іздеуден бұрын қорғау керек», - деді Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Үкімет басшысының орынбасары бұл ретте мәселе сәбилерге ғана емес, балаларға да қатысты екенін атап өтті.

«Осынау аралықта серуендеуді тоқтата тұруды сұраймын. Балалардың денсаулығы мен келешегі үшін ойлануымыз керек», - деді Ералы Тоғжанов.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларға арналған медициналық масканы әр адам өз үйінде тігіп алуға мүмкіндік барын еске салды.

«Резеңкені алып, қия салса болды. Маска кішірейіп кетеді. Сәбилерге арналған маска дәкенің бірнеше қабатынан тұрады. Өз қолыңызбен де жасай аласыз», - деді министр.

Еске сала кетсек, Қазақстанның мемлекеттік бас санитария дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысы бойынша халыққа Қазақстанда көшеде маска тағып жүру міндеттелген болатын.


Жоғары қарай