Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандықтар техникалық ақауға байланысты жаңа көліктерді тіркей алмайды

2021 жылдың 5 тамыз 2021 17:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 5 тамызда кеден ақпараттық жүйесінде туындаған ақауға байланысты ҚР мамандандырылған ХҚО-ларында жаңа автомобильдерді тіркеу уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бсапасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есепке қою кезінде авто ХҚО операторлары жаңа көлік құралдарының тіркеуін жүргізе алмай отыр. Атап айтқанда, кеденнің деректер базасындағы ақау салдарынан мемлекеттік орган өтініштерді кері қайтарып жатыр.

«Ақауға байланысты жаңа көлік құралдарын есепке қою қызметі қолжетімсіз. Бұл азаматтардың тікелей автосалондардан сатып алатын жаңа көліктерге қатысты. Жауапты орган ақпараттық жүйені қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін азаматтардан кешірім сұраймыз», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының сервис жөніндегі басқарушы директоры Бақтияр Мұхаметқалиев.

Жүйенің қалпына келгені және жаңа автокөліктерді тіркеу қызметінің жандануы туралы клиенттерге қосымша хабарланатын болады.


Басты сөздер: Цифрлық Қазақстан, Көлік,
Жоғары қарай