Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандықтар көбірек сауда жасайтын болған

2021 жылдың 13 қазан 2021 10:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде көтерме сауданың табыстылығы арта бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Energyprom.kz сілтеме жасап.

«Қазақстанда 2021 жылғы қаңтар-тамызда көтерме сауда көлемі 16,7 трлн теңге болып, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 18,5% артты. Нақты мәнде өсім 10,5% болып отыр.

Оның ішінде сатылымның 17,4%-ы азық-түлік тауарларына (2,9 трлн теңге, жылына плюс 5,1%), тағы 82,6%-ы азық-түлік емес тауарларына (13,8 трлн теңге, плюс 21,8%) тиесілі», - еп жазады аналитикалық ресурс.

Өңір бойынша жіктесек, көтерме сауда көлемінің үштен бірінен астамы (39,3% немесе 6,6 трлн теңге) Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы (2,5 трлн теңге, оған қоса 21,1%) болса, үштікті Атырау облысы (2,3 трлн теңге, оған қоса 60,4%) түйіндеп тұр.

Көтерме сауданың өсу қарқыны бойынша осы Атырау облысы алға шығып отыр. Ал ең баяу көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында тіркелген.

«Көтерме сауданың ең көп көлемін жеке меншіктегі кәсіпорындар қамтамасыз етті – 10,7 трлн теңге. Шетелдік кәсіпорындарға 5,9 трлн теңге, мемлекеттік компанияларға 50,1 млрд теңгенің көтерме тауары сатылды», - длінген аналитикалық материалда.

Қазақстанда алдағы төрт жылда шамамен 15 көтерме-тарату орталығы салу жоспарланған.


Жоғары қарай