Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандықтар қазан айында жалпы салмағы 88,6 келі болатын алтын құймалар сатып алған

2021 жылдың 17 қараша 2021 12:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде қазан айында 2800-ден астам алтын құйма сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық банктің сайтына сілтеме жасап.

Қазан айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 88,6 кг өлшенген 2 814 құйма сатылды.

Тазартылған алтын құйманы сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық банк 2017 жылы іске қосқан. Содан бері жалпы салмағы 2,5 тонна 68 230 алтын құйма сатылды.

«Алтын құймалардың бес түрі сатылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г салмақтағы құймалар. Ал сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие құйма – 10 грамдық. Оның жалпы сатылым көлеміндегі үлесі 28% немесе 19 090 дана. Одан кейін сұранысқа ие түрлері – салмағы 100 грамм – 15 204 дана (22%) және 20 грамдық – 13 282 дана (20%), 5 грамдық – 11 651 дана (17%), 50 грамдық – 9 003 (13%) құйма. Көбінесе, алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларының тұрғындары арасында сұранысқа ие», делінген хабарламада.

Ұлттық банктің мәлімдеуінше, жалпы, алтын құймалар – инвестицияның сенімді құралы. Алтын құйма нарығындағы жоғары сатылымды қамтамасыз ететін басты фактордың бірі – екінші деңгейлі банктер мен банктік емес ұйымдар тұтынушыға ақшаны тапсырған күні төлеп, алтын құйманы кері сатып ала алады.

Бағдарлама іске қосылғаннан бері екінші деңгейлі банктер мен айырбастау пунктері жалпы салмағы 247 кг өлшенген 10 126 құйманы кері сатып алды. Бұл жалпы құймалардың 15%-ы. Қабылданған құймалардың барлығы Ұлттық банктің аумақтың филиалдарына қайтарылмастан халыққа сатылады.

«Әрбір алтын құймада оны қорғап тұратын элементтері бар (құймалардың беті қапталып, микротекси жазылады және рельефт жиегі салынады) және арнайы қорапқа салынады, қорап құйманы зақымдаудан қорғайды, әрі қорап ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорап, сондай-ақ, сапа сертификатына да жауап береді. Сондықтан, құйманы дұрыс сақтап, қорабын бүлдірмеген жөн», делінген хабарламада.

Ұлттық банктің мәліметінше, қазір алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық банк, Jusan Bank, БанкЦентрКредит және банктік емес айырбастау пунктерінен сатып алуға болады.


Басты сөздер: ҚР Ұлттық банкі, Алтын,
Жоғары қарай