Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Қазақстандықтар ірі сауда нысандарына маскамен ғана кіргізіледі

2020 жылдың 16 наурыз 2020 18:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ірі сауда нысандарына азаматтар маскамен ғана кіргізілетін болды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ірі сауда нысандары мынадай талаптарды сақтауы тиіс: өз аумақтарына келушілерді тек маскамен ғана жіберулері тиіс. Келушілерде маска болмаса тегін маска ұсынып, коронавирустың алдын алу бойынша жадынама таратулары қажет. Барлық кіріп-шығатын есіктерге тепловизорлар орнатулары керек», - деді Бақыт Сұлтанов.

Оның атап өтуінше, ірі сауда нысандары, оның ішінде азық-түлік базарлары сағат 10-нан 18-ге дейін, азық-түлік емес тауарлар сататын базарлар сағат 11-ден 17-ге дейін жұмыс істейді.


Жоғары қарай