Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандықтар 2,1 трлн теңге зейнетақы жинақтарын баспана алуға жұмсады

2021 жылдың 9 желтоқсан 2021 09:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары үшін 3,2 пайыз мөлшерінде нақты кірістілік қамтамасыз етілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бері 3,7 пайызға ұлғайып, осы жылғы қарашаның соңында 13,4 трлн теңге болды. Биыл 7 қарашада салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу үшін орындалған өтініштерінің саны 2,2 трлн теңге сомасына 636,6 мың өтінішті құрады. Оның ішінде тұрғын үй мәселелерін шешуге 2,1 трлн теңге тиесілі болды», - деді Ерболат Досаев.

Оның дерегінше, осы жылдың 11 айдың қорытындысы бойынша инфляция 7,8 пайыз болған кезде 11 пайыз мөлшерінде кірістілік алынды.

«Осылайша, жылдың басынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары үшін 3,2 пайыз мөлшерінде нақты кірістілік қамтамасыз етілді», - деді Ұлттық банк төрағасы.


Жоғары қарай