Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандық ЖОО-лар оқу бағдарламаларын өздері өзгертеді - министр

2022 жылдың 14 мамыр 2022 02:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық ЖОО-лар жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескеріп, оқу бағдарламаларын еңбек нарығының сұранысына сай өздері өзгертеді. Мұны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлемдік QS рейтингіндегі қазақстандық жоғары оқу орындарының саны екі есеге артып, 14-ке жетті. Сондай-ақ университеттер саны артып, Times Higher Education (THE) рейтингіне енген университеттердің орындары жақсарды», - деді ведомство басшысы Орталық Азия елдері ректорларының форумында.

Оның пайымынша, бұл – Болон процесі қағидаттарын жүзеге асырудың, сондай-ақ университеттерге академиялық, басқарушылық және қаржылық дербестік берудің нәтижесі. Егер бұрын үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын Білім министрлігі бекітетін болса, қазір ЖОО жұмыс берушілердің пікірлері мен ұсыныстарын ескеріп, еңбек нарығының сұранысына сай оқу бағдарламаларын өздері өзгертеді.

«Бұл жұмыс берушілермен қарым-қатынасымызды нығайтты, енді жұмыс берушілер өздерінің сұраныстары мен ұсыныстарын кәсіби стандарттар арқылы қалыптастырады», - деді министр.



Жоғары қарай