Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық жас теннисшілер Өзбекстанда өткен жарыста жеңімпаз атанды

2021 жылдың 21 тамыз 2021 23:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық жас теннисшілер Өзбекстан астанасы Ташкентте ITF Juniors G3 сериясы бойынша өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, ITF жастар рейтингісінде 206-орында тұрған Аружан Сағындықова жекелей сында үздік шықты.

Қазақстандық теннисші тартысты өткен финалдық бәсекеде түркиялық Лейла Елмазды 6:4, 4:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Тағы бір қазақстандық Сандуғаш Кенжебаева Беларусь өкілі Александра Азаркомен жұптық сында ешкімді шақ келтірмеді. Олар финалда қазақстандықтар Аружан Сағындықова мен Карина Ризвановадан айласын асырды – 6:4, 6:4.





Сандуғаш жекелей сында ширек финалда қырғызстандық Владислава Андреевскаяға жол берді. Мұнда Мария Синицына мен Еркежан Арыстанбекова жартылай финалға дейін жетті.

Жұптық сында тағы бір қазақстандық, 16 жасар Максим Батютенко спорттық жолында өзінің екінші титулына қол жеткізді. Ол өзбекстандық Амир Милушевпен бірге финалда қазақстандықтар Никита Сидоров пен Олег Сыроватскийді 6:3, 6:7, 10:7 есебімен ұтты.

Ташкентте ашық хард төсенішінде өткен жарыста қазақстандық жастар төрт чемпиондық атақтың үшеуін жеңіп алды.

Тағы бір қазақстандық София Исакова Ирпень (Украина! қаласында ITF Juniors G3. ITF Juniors G3 сериясы бойынша өткен «Aizenstadt Memorial 2021» турнирінде жеңіс тұғырына көтерілді. Ол финалда украиналық Полина Кузнецованы 2:6, 6:0, 6:3 есебімен қапы қалдырды.

Осылайша С.Исакова биыл алғашқы табысына қол жеткізді.

Сондай-ақ Дамир Жалғасбай Арменияда өткен Kuregian Memorial Cup 14&under жарысында соңғы сында армениялық Михаил Аванесянға 7:6, 1:6, 1:6 есебімен есе жіберді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің Германиядағы жарыстың финалына шыққанын, Зарина Диястың Чикаго жартылай финалына өте алмағанын жазған едік.

Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге жұптық сында Люденшайд челленджер турнирінің финалында хорватиялықтар, ағайынды Иван мен Матей Шабановтардан 4:6, 6:2, 10:12 есебімен ұтылып қалды.





Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай