Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандық жас теннисші Украинада өткен турнирдің жеңімпазы атанды

2021 жылдың 26 маусым 2021 21:30

КИЕВ. ҚазАқпарат - Қазақстандық Дана Бәйдәулет Украинада өткен 18 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы әлемдік серияның ITF Juniors турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Д.Бәйдәулет финалда корт иесі, осы доданың 5-ракеткасы Дарья Есипчукпен кездесті.

Қазақстандық теннисші 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Кеше Д.Бәйдәулет жұптық сында литвалық Ума Бакайтитемен бірге аса тартысты матчта украиналықтар Катерина Лазаренко - Анита Сагдиеваны 4:6, 6:3, 10:5 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша Д.Бәйдеулет жекелей және жұптық сында үздік шығып, абсолютті чемпион атанды. Ол биылғы маусымда бұған дейін де бір рет финалға шыққан болатын.

Дана Бәйдәулет жарыс барысында қарсыластарына бірде-бір сет бермегенін, алдағы уақытта да шеберлігін жетілдіруге бар күшін салатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның Истбурн турнирінің финалына шыға алмай қалғанын жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Украина,
Жоғары қарай