Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстандық туынды Швейцариядағы кинофестивальде марапатқа ие болды

2020 жылдың 14 тамыз 2020 21:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық режиссер Жаннат Алшанованың «Өркениет тарихы» атты қысқа метражды фильмі Швейцариядағы халықаралық кинофестивальде марапатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мүлдем таң қаларлық жайт. Біздің «Өркениет тарихы» фильміміз Локарнодағы халықаралық кинофестивальде күміс қабыланға (pardini d'argento) ие болды», - деп жазды Жаннат Алшанова Facebook парақшасында.

Оның атап өтуінше, марапат оның командасына үздік қысқа метражды фильмі аталымы үшін берілген.

Локарнодағы халықаралық кинофестиваль маңыздылығы жағынан Еуропадағы Канн, Венеция және Берлин кинофестивальдерінен кейін төртінші орында тұр. Фестиваль Швейцарияның Тичино кантонындағы итальян тілдес шағын қалашықта өткеніне қарамастан, жыл сайын өзіне кино көрермендердің, киноматографистердің және киношолушылардың үлкен шоғырын өзіне баурап отыр. Фестивальдің бас жүлдесі – «Алтын қабылан» деп аталады.

Фестиваль аясында кинофорум өтіп тұрады.





Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Еуропа, Мәдениет,
Жоғары қарай