Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық төреші Токио олимпиадасында қазылық жасайтын үміткерлер қатарына енді

2020 жылдың 30 қазан 2020 11:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік каратэ федерациясы (WKF) Токио Олимпиадасында қазылық жасайтын үміткерлердің тізімін жасады. Ресми түрде ұсынылған 14 төрешінің қатарында Қазақстан каратэ федерациясының өкілі Асқар Молдағали да бар деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Асқар Молдағали ката мен кумитэден толық лицензияға ие халықаралық дәрежедегі төреші. Ол өзінің жастығына қарамастан, тәжірибесі мен кәсіби шеберлігінің арқасында әлемдік федерацияның сеніміне кірген.

«Әрине, бұл маған ғана емес, ұлттық федерация мен жалпы Қазақстан спорты үшін жағымды жаңалық. Олимпиада қарсаңындағы екі жыл төрешілер үшін өте қиын өтті. ҰОК, Конфедерация мен Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ, ұлттық каратэ федерациясының қолдауымен мен мүмкін болған 25 лицензиялық турнирдің бәріне қатыстым. Олимпиадалық цикл аяқталғанша атқаратын жұмыс көп. Дегенмен, мен үмітті ақтауға тырысамын», - дейді Асқар.

ТМД елдерінің арасынан тек екі төреші ғана тізімге ілінген. Олардың бірі Асқар Молдағали, екіншісі Әзербайжан өкілі. «Қазақстандық төрешінің Олимпиада ойындарында қызмет ететін қазылар қатарына енгені отандық Федерацияның ауызбіршілігі мен еңбегінің көрінісі. Біздің төрешілер әлемнің үздіктерімен бір деңгейде жұмыс істей алатынын дәлелдеді. Олимпиада қарсаңында қазақстандық команданың барлық мүшесі бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір мақсат-мүдде жолында еңбек етті. Сондықтан, әлемдік ұйымнан келген бұл жаңалық бәрімізді қуантып тастады», - дейді команда бас бапкері Жасталап Санауов.
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай