Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандық теннисші Шымкент турнирінің жартылай финалына өтті

2022 жылдың 18 мамыр 2022 18:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шымкентте өтіп жатқан BeeTV Challenger 80 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Г. Ломакин ресейлік Ян Бондаревскиймен бірге бастапқы кездесуін норвегиялық Виктор Дурасович – ресейлік Иван Гаховпен өткізді.

Қазақстандық-ресейлік жұп 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Г. Ломакин мен Я. Бондаревский ширек фиралда румыниялықтар Николос Йонел – Филипп Жианумен ойнауы керек еді. Алайда, қарсыластарының бірі жарақат алып қалуына байланысты бұл кездесу өтпейтін болды.

Сөйтіп, Г. Ломакин жартылай финалға жолдама алды.

Жекелей сында Бейбіт Жукаев екінші айналымда америкалық Эвану Жуға есе жіберді – 2:6, 3:6. Ал, Денис Евсеев жапониялық Каичи Учидадан ұтылып қалды – 6.7 (5:7), 6:3, 4:6. Д. Евсеев жұптық сында да жарыс жолын аяқтады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Шымкент турнирінің екінші айналымына шыққанын, Тимофей Скатовтың Ролан Гаррос жарысында ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Теннис,
Жоғары қарай