Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

2022 жылдың 17 мамыр 2022 01:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Недовесов Лион (Франция) ATP 250 турнирінің жұптық сынында ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші пәкістандық Айсам-уль-Хак Курешимен бірге бастапқы кездесуін франциялықтар Юго Бланше – Альбано Оливеттимен өткізді.

Тартысты өткен матчта қазақстандық-пәкістандық жұп 7:6 (7:5), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 45 минутқа созылған бәсеке барысында Недовесов пен Куреши 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.

Қазақстан-Пәкістан жұбы жартылай финалға шығу үшін осы доданың 3-ракеткалары, бельгиялықтар Сандер Жилле – Йоран Флигенмен таласады.

Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайыстарында Дмитрий Попко мен Зарина Дияс жарыс жолынан шығып қалды. Д.Попко аргентиналық Хуан Игнасио Лондеродан 4:6, 4:6 есебімен ұтылды. Ал З.Дияс ресейлік Анастасия Гасановаға есе жіберді – 3:6, 4:6.

Тағы бір қазақстандық Анна Данилина Рабат (Марокко) WTA 250 турнирінің алғашқы айналымында әлемнің 10-ракеткасы, испаниялық Гарбинье Мугурусаға жол берді – 3:6, 2:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Андрей Голубевтің әлемдік рейтингіде рекордтық нәтижеге қол жеткізгенін, Тимофей Скатовтың Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай