Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық тарихи фильмдерді Түркия мен Қытайдың көрермендері тамашалай алады

2021 жылдың 12 қаңтар 2021 00:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық тарихи фильмдерді Түркия мен Қытайдың көрермендері тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап.

«Режиссер Рүстем Әбдіраштің «Алмас қылыш» (2017), «Алтын тақ» (2019) тарихи фильмдерінің және де «Қазақ хандығы» тарихи сериалының екі маусымының дистрибуция құқығын Түркияның («Duru Filmcilik») және Қытайдың («Magic Fair») компаниялары сатып алды», делінген хабарламада. Бұдан бұрын 2017 жылы «Алмаз қылыш» фильмінің көрсету құқығын Оңтүстік Кореялық Amadeus компаниясы сатып алған болатын.

Еске салсақ, бұл жобалар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен, «Қазақфильм» киностудиясында Сentaurus Rustem Abdrashev production компаниясының қатысуымен түсірілген.


Жоғары қарай