Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық танымал әзілкеш «Біз бірдейміз» әнін 10 тілде орындады

2020 жылдың 11 тамыз 2020 19:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық танымал әзілкеш Данияр Жұмаділов жер бетіндегі адамдардың бірлігі, бірдей екендігі туралы әнді 10 тілде орындап, бейнебаян түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Данияр Жұмаділов «Біз бірдейміз» әніне түсірілген бейнебаянды Instagram парақшасына салды.

Екі күн ішінде бейнебаянды 45 мың адам көріп үлгерген.


«Соңғы уақытта болып жатқан оқиғалар адамзаттың адамгершілік ұғымын ұмытып бара жатқандығынан хабар етеді. Ұлтқа бөлініп, байбалам салудың қажеті жоқ. Адамдарды нәсіліне қарап емес, адамгершілік қасиеттеріне қарап бағалайықшы», - деп жазды ол.

Ол аталған әнді укранин, ағылшын, иврит, неміс, түрік, испан, парсы, қазақ және басқа тілдерде орындады.


Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Мәдениет,
Жоғары қарай