Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық спортшы конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңінде рекордын жаңартты

2021 жылдың 24 қаңтар 2021 20:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Херенвенде өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық конькиші Надежда Морозова жеке рекордын орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

3000 метрге жүгіруден «В» тобында сынға түскен ол үшінші орын иеленді. Надежда Морозова аталған қашықтықты 4 минут 07:602 секундта жүгіріп өткен. Осылайша, ол өзінің маусымдағы үздік нәтижесін тіркеп, келесі әлем кубогі кезеңінде «А» тобында сынға түсу мүмкіндігін алды.

Сондай-ақ, «В» тобында 5000 метрге жарысқан ерлер арасында Виталий Щиголев 10-шы, Дмитрий Морозов 16-шы, Бақдәулет Сағатов 19-шы орын иеленді.
4

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай