Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Қазақстандық сейсмологтар Қытай, Тәжікстан және Ауғанстанда жер сілкінісін тіркеді

2020 жылдың 29 қаңтар 2020 22:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық сеймологтар Қытай, Тәжікстан және Ауғанстанда жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.

«Алматы» ССЖ кезекші операторының мәліметіне сүйенсек, жергілікті уақытпен сағат 15:10-да Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 727 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелген. Зілзала Тәжікстан аумағында болған. Жер дүмпуінің энергетикалық класы - 12.9. Магнитудасы - 5.6.

Сондай-ақ, бүгін сағат 16:13-те Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 377 шақырым қашықтықта, яғни Қытай аумағында жер сілкінді. Зілзаланың энергетикалық класы - 10.2. Магнитудасы – 4.3.

Кешкісін Алматы уақытымен саған 18:05-те Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 844 шақырым қашықтықта, Ауғанстан территориясында жер дүмпуі сезілді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.6. Магнитудасы – 4.3.


Жоғары қарай