Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық режиссер түсірген өзбекше тарихи сериал көрерменге жол тартты

2021 жылдың 21 ақпан 2021 20:21

ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат - Өзбекстан Мәдениет министрлігінің тапсырысы бойынша түркиялық «Bo‘zdag‘ film» студиясы таспалаған «Мендирман Жалолиддин» тарихи сериялы жарыққа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

Алғашқы сериясы 14 ақпанда көрерменге жол тартқан туынды Хорезмді билеген Жалолиддин Мангубердінің өмірі, қолбасшылық еткен дәуірі мен тарихи шайқастары жайлы баяндайды. Десе де, сериалдың басты арқауы Хорезмшах пен Шыңғысханның шайқасына негізделген.

13 бөлімнен тұратын тарихи картинада басты рөл - Хорезмшахты түрік актері Эмре Кивилджим сомдаған болса, ұлы Шыңғысхан образын өзбектің белгілі актері Джавахир Закиров бейнелеген. Ал, сериалды қазақстандық режиссер Нұрғиса Әлмұрат түсірген.





Тарихи туындыны әр аптаның жексенбі күні кешкі сағат 20:30-да «Милли ТВ» арнасынан көруге болады.


Басты сөздер: Өзбекстан, Мәдениет,
Жоғары қарай