Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық полицейлер жаңа формаға ауысады

2021 жылдың 11 маусым 2021 14:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл соңына қарай Қазақстандағы патрульдік полицейлер мен учаскелік инспекторлар жаңа формаға ауысады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл соңында көшеде қызмет көрсететін патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардың формасын ауыстырамыз. Форма қазірдің өзінде мақұлдаудан өтті, ол көшеде қызмет етуге өте ыңғайлы. Жаңа элемент – кроссовка, бәтеңкелер түріндегі аяқ киім енгізіледі, бұл полицейлер үшін өте қажет, себебі олар – жаяу патрульдер, халықпен тікелей жұмыс істейтін жедел қызметшілер», - деп жауап берді Ерлан Тұрғымбаев тілшілердің сұрағына.

Жаңа формада түнгі уақытта көзге шағылысатын элементтер де қарастырылған.

Министрдің айтуынша, алдағы екі жылда барлық полицейлерді жаңа формаға ауыстыру жоспарланған.


Жоғары қарай