Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық өндірістің әрбір үшінші автомобилі экспортқа бағдарланады – Бейбіт Атамқұлов

2021 жылдың 30 қараша 2021 10:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан «КАМАЗ» және HYUNDAI кәсіпорындарының жаһандық өткізу тізбегінің бір бөлігіне айналады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша қойылған міндеттер жалпы сомасы 3 млрд АҚШ доллары болатын 50-ден астам өнімге елдің орташа жылдық қажеттілігін өтейді. Керамикалық плиткаларға, жылу оқшаулағыш материалдарға, алюминий радиаторларына, ламинатталған ағаш-жоңқа тақтасына, минералдық тыңайтқыштарға, кокс пен жартылай коксқа ішкі қажеттілік 100% (жүз пайыз) өтеледі. Санфаянсқа қажеттілік 75% жабылады», - деді Б. Атамқұлов.

Оның айтуынша, 2025 жылға қарай шикізат емес экспортты 1,5 есеге ($21,8 млрд АҚШ долл) арттыру міндеті қойылды. Оған жету үшін өнімдері әлемнің 60-тан астам еліне экспортталатын 180 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

«Осылайша, Қазақстан ферроқорытпалардың екінші экспорттаушысы болады (1-орынды АҚШ алады). Біз тұз-қышқыл ыдырау қолданылатын күрделі тыңайтқыштар өндірісі бойынша әлемдегі алғашқы ел боламыз. Қазақстан «КАМАЗ» және HYUNDAI кәсіпорындарының жаһандық өткізу тізбегінің бір бөлігіне айналады. Сондай-ақ, қазақстандық өндірістің әрбір үшінші автомобилі экспортқа бағдарланады. Бұл ретте отандық компоненттерді (бампер, дискілер, резеңке кілемшелер, аккумуляторлар) өндіру есебінен жергілікті қамту үлесі 50% жетеді», - деді министр.


Жоғары қарай