Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстандық он спортшы Халықаралық Олимпиада комитетінің стипендиясын иеленді

2019 жылдың 7 желтоқсан 2019 00:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық Олимпиада комитеті олимпиадалық қысқы спорт түрлеріндегі Халықаралық федерациялармен бірлесе отырып, он қазақстандық спортшыға 2022 жылы Қытайда өтетін Олимпиада ойындарына дайындалу мақсатында арнайы стипендия бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.

Стипендиаттар тізіміне мына спортшылар кіреді: Юлия Галышева (фристайл-могул), Элизабет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау), Екатерина Айдова (конькимен жүгіру спорты), Жанбота Алдабергенова (шаңғы акробатикасы), Ақмаржан Қалмұрзаева (шаңғы акробатикасы), Павел Колмаков (фристайл-могул), Абзал Әжіғалиев (шорт-трек), Роман Креч (конькимен жүгіру), Дмитрий Рейхерд (фристайл-могул) және Сергей Ткаченко (шаңғымен тұғырдан секіру).

ХОК талабы бойынша, әр елдегі ҰОК-терге бөлінетін стипендия көлемі өткен ойындарға қатысқан спортшылар арасында гендердік теңдіктің сақталуына байланысты. Сондай-ақ, үміткерлерді іріктеу барысында олардың рейтингі мен спорттағы жетістіктері де қаралды. Стипендияны ХОК 2019 жылдың соңынан бастап төлейді.

Басты сөздер: Спорт, Олимпиада-2020,
Жоғары қарай