Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстандық оқушылар электронды оқулықтармен қамтылады

2020 жылдың 11 шілде 2020 14:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда электронды оқулықтар дайындалып жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз баспамен келісіп қойдық. Оқулықтардың электронды нұсқасы қолжетімді болуы керек. Біз де, баспа да қазіргі уақытта жүргізіп жатқан ең маңызды жұмыстардың бірі осы», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде.

Еске сала кетсек бұған дейін Асхат Аймағамбетов «Қыркүйекте балалар онлайн оқи ма, әлде мектепке бара ма?» деген сұраққа жауап берген еді. Министрдің айтуынша осы үш бағыт бойынша дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде.

«Осы үш нұсқа Денсаулық сақтау министрлігімен, басқа да мемлекеттік органдармен талқылану үстінде. Оның қыр-сырын зерттеу бойынша жұмыс топтары бар. Іске ғалымдар мен педагогтарды, мектеп директорлары мен сарапшыларды тарттық. Сол себепті қазіргі уақытта барлы өңірде үлкен талқылау жұмыстары жүргізілуде. Осыған дейін әлеуметтік желіде тарап кеткен слайд-материал Білім және ғылым министрлігіне тиесілі емес. Оны мектеп деңгейінде талқылағандардың бірі таратуы мүмкін», - деді ол.



Жоғары қарай