Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық музыкант Рахат-Би Әбдісағин Германияда жаңа диск шығарды

2021 жылдың 22 қыркүйек 2021 12:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бала күнінен ерекше талатымен танылған қазақстандық музыкант Рахат-Би Әбдісағин Германияда жаңа дискісін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы музыканттың өзі Facebook-те жазды.

«Құрметті достар! Мен сіздерге пианистік CD дискіме алдын ала тапсырыс беруге болатынын қуанышпен хабарлаймын», - делінген жазбада.

Осылайша ол еуропалық өнерсүйер қауымға өзінің пионист ретіндегі дарынын паш етіп отыр. Музыкант дискіге арнап классикалық туындалар орындаған. Аталмыш диск Франкфурттегі көрме мен Шанзайдағы ірі музыкалық алаңдарға қойылады деп жоспарланып отыр.


Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Мәдениет, Еуропа,
Жоғары қарай