Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық лоукостер «Нұр-Сұлтан - Кутаиси» бағытында алғашқы рейсін ашты

2021 жылдың 4 мамыр 2021 22:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әуежайынан қазақстандық лоукостердің «Нұр-Сұлтан-Кутаиси» бағытындағы алғашқы рейсі ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Грузия қаласына елордадан алғаш аттанған рейске қатысты оқиға грузин және қазақ бишілерінің қызықты флэшмобына ұласып, сапарға шыққан жолаушылардың көңілін көтерді. Осы орайда «Нұр-Сұлтан» халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Ануар Шалекенов алғаш рет ашылып отырған бағытта 167 жолаушының сапар шеккендігін айтты.


















«Өздеріңіз білетіндей, Грузия 1 ақпаннан бастап халықаралық бағыттағы барлық рейсті жандандырған болатын. Міне, бүгін қазақстандық лоукостер «Нұр-Сұлтан-Кутаиси» бағытындағы алғашқы рейсіне аттанып отыр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Ануар Шалекенов.





Сонымен қатар ол қазақстандық әуе компаниясы Кутаиси бағытындағы тағы бір алғашқы рейсін 2 мамыр күні Атырау қаласынан жүзеге асырғандығын еске салды.

«Әзірше, «Нұр-Сұлтан-Кутаиси» бағыты аптасына екі рет, сейсенбі мен бейсенді күндеріне жоспарланып отыр. Дегенмен, алдағы уақытта ұшулар жилігі қалпына келіп, рейстер санының арта түсетіндігіне үміт артамыз. Айта кетерлігі, мамырда ашылатын рейстер саны артады. Бүгін Кутаисиге ұшқан жолашыларды шығарып салдық. Ал ведомствоаралық комиссия рұқсатын берер болса, онда 7 мамырдан Варшаваға рейсті жандандырамыз. Бірақ, бұл әлі нақты дерек емес. Ал 16 мамырға Әбу-Дабиден Нұр-Сұлтанға рейстерді ашу жоспарланып отыр», - деді әуежай баспасөз хатшысы.


















Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Грузия, Нұр-Сұлтан, Көлік,
Жоғары қарай