Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстандық кәсіпорындар мыңға жуық дәрі-дәрмек шығарады

2020 жылдың 11 шілде 2020 12:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 89 фармацевтикалық кәсіпорын дәрілік заттар және медициналық бұйымдар шығарады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дәрілік заттарды, медициналық өнімдерді және өкпені жасанды желдету аппараттарын отандық өндіру туралы брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекетімізде фармацевтикалық өнеркәсібіндегі 89 кәсіпорын дәрілік заттар және медициналық бұйымдар өндіруді жүзеге асырады. Оның ішінде дәрілік заттарды өндіру бойынша 33, медициналық мақсаттағы бұйымдар 41 және медициналық техника өндірісі бойынша 15 кәсіпорын жұмыс істейді. Бірінші, дәрілік заттар өндірісі бойынша дәрілік заттардың негізгі өндірісі Алматы, Шымкент қаласында және Алматы облысында орналасқан он кәсіпорын, сондай-ақ Қарағанды облысы мен Ақтөбе облысында бір кәсіпорыннан орналасқан. Бұл кәсіпорындар мыңға жуық дәрі-дәрмек шығарады. Олардың ішінде жедел респираторлық ауруларды және олардың асқынуларын емдеуге бағытталған, вирусқа қарсы, қабынуға қарсы дәрілік препараттар мен антибиотиктер бар», - дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов.

Оның айтуынша, дене қызуын түсіретін және вирусқа қарсы препараттардың негізгі өндірушілері - «Нобел АФФ» АҚ, Abdi Ibrahim Global Pharm ЖШС.

«Олардың шығаратын дәрі-дәрмектері: палитрамицин. Оның құрамы парацетамол, танфлекс, ривирин препараттары сияқты. «Фарм Ақтөбе» грипповир, жөтелге қарсы сироптарды шығарады. «ВИВА ФАРМ» парацетамол, боксгрипал және басқа дәрілерді шығарады», - дейді ол.


Жоғары қарай