Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық фильм Сан Себастьянда көрсетіледі

2020 жылдың 22 қыркүйек 2020 09:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Сары мысық» картинасы Сан Себастьянда көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«24 қыркүйекте режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» фильмі Сан Себастьяндағы 68-ші халықаралық кинофестиваль – «А» класындағы әлемдегі ең беделді кинофестивальдердің бірінде көрсетіледі. Бұл киноқаралым Еуропада маңызы жағынан Канн, Берлин және Венециядан кейінгі төртінші орында» деп мәлім етті «Қазақфильм» киностудиясы Instagram парақшасында.

Көрсетілім «Zabaltegi Tabakalera» секциясының аясында өтеді, онда кинематографиядағы жаңа толқынды авторлардың туындылары бар.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін «Сары мысық» атты жаңа туындының 77-ші Халықаралық Венеция кинофестивалінде тұсауы кесілгенін жазған болатынбыз.


Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Өнер, Мәдениет,
Жоғары қарай