Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Қазақстандық екі бойжеткен ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

2020 жылдың 17 ақпан 2020 19:06

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар, қыздар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстанның 2 өкілі алтын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Карина Құзғанбаева қоссайыс нәтижесі бойынша 227 кг (101+126) зілтемірді көтеріп, жастар арасында (20 жасқа дейін) Азия Чемпионы атанды.

Екінші орынды 186 кг (100+86) көтерген өзбекстандық Ляйлахон Хурсанова иеленді.

+81 кг абсолютті ауыр салмақта өнер көрсеткен Айсамал Сансызбаева жұлқа және серпе көтеруде 249 килоны (109+140) игеріп, Жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы атанды.

Екінші орынға қоссайыс нәтижесі бойынша 215 кг (90+125) көтерген қытайлық Тайпейден келген Линг-Чен Ван жайғасты.

Үшінші орынды 155 кг (70+85) зілтемір көтеріп, Моңғолия өкілі иеленді.

Жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты 20 ақпанға дейін жалғасады. Қазақстанның атынан 10 спортшы қатысып жатыр. Олардың ішінде Гүлнұр Ыбырай (64 кг дейінгі салмақ дәрежесі) және Сайхана Тайсуева (67 кг дейін) алтын алды, Абылай Әуелхан (55 кг дейін) күміс иеленсе, Ақмолда Сайрамкез (61 кг дейін) қола медальге қол жеткізді.

Алда 81 кг дейін Есенкелді Сәпи, 89 кг дейін Нұрғиса Әділетұлы, 96 кг дейін Артем Антропов пен Рахат Бекболат зілтемір көтеруге шығады.








Басты сөздер: Өзбекстан, Спорт,
Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920