Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық дипломаттар Мәскеуде Абай күнін атап өтті

2021 жылдың 11 тамыз 2021 20:00

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 176 жыл толуына орай, Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің дипломаттары Ресей астанасындағы Чистые Пруды бульварында орналасқан ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекті тұлғаға құрмет көрсете отырып, дипломаттар оның шығармашылығының арқасында Пушкин, Лермонтов, Гёте, Байрон, Шиллер және басқа да әлемдік мәдениет өкілдерінің шығармалары қазақ тілінде «сөйлегенін» атап өтті.

«Іс-шара аясында Елшілік қызметкерлері Абайдың Қара сөздерін оқып, оның «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқады»,-делінген хабарламада.








Жоғары қарай