Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық дәрігерлер ДДҰ бағдарламаларын әзірлеуге қатысты

2021 жылдың 12 қазан 2021 13:28

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстан психиатрлары жасөспірімдердің психикалық денсаулығы бойынша ДДҰ бағдарламаларын әзірлеуге қатысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде еліміздегі ДДҰ офисінің Қазақстандағы және Орталық Азия елдеріндегі психикалық денсаулық жөніндегі ұлттық кеңесшісі Николай Негай айтты, деп хабаплайды ҚазАқпарат тілшісі.

Николай Негай психиатрия саласындағы қазақстандық мамандар құруға көмектескен бағдарламалар туралы айтып берді. Олардың бірі – «Жасөспірімдердің өркендеуіне ықпал ету» әдістемелік материалдар жиынтығы. Ұлттық кеңесшінің пікірінше, бүкіл әлемде жасөспірімдер мен жастардың психикалық денсаулығына алаңдаушылық артып келеді. Сондықтан дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) бастамасымен 2021 жылдың көктемінде жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту және қорғау, қауіпті мінез-құлықтың түрлі нысандарының алдын алу стратегиясы жарияланды. Айта кетерлігі, қазақстандық мамандар осы әдістемелік материалдар пакетін әзірлеуге де қатысты. Бастаманың негізінде барлық азаматтық қоғам жасөспірімдердің психикалық денсаулығын сақтау және нығайту бойынша бірлесіп шаралар қабылдау үшін мемлекеттік құрылымдармен күш біріктіретін тұжырымдама жатыр. Сонымен қатар психиатрлар ДДҰ-ның Caregiver Skills Training (балаларға күтім жасау дағдыларын үйрету) бағдарламасын дамуында кемістігі бар және артта қалған балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін әзірлеген.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының қолдауымен республикалық Психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы бұл бағдарламаны Қазақстанда осы жылдың қаңтар айында іске қосты. Бағдарламаны қазақстандық мамандар аударып, бейімдеп, шебер тренерлер дайындады, кейін оларға жетекшілік етті», - деді Николай Негай. Бейімдеу жұмыстарына «Қазақстанның аутизм және басқа да даму проблемалары бар балалары мен жасөспірімдеріне қолдау көрсету, көмек көрсету қоры «Ашық Әлем» ҮЕҰ және «Autism қолжетімді орта» жеке қоры тартылды. Бүгінде бағдарлама бейімделіп, ауыстырылды, алғашқы медициналық-санитарлық желіден командалар құрылды, тренингтер тестіленді. 2022 жылы ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды жаппай қамту міндеті тұр. Отандық психиатрлар жұмыс істейтін үшінші бағдарлама – өзін-өзі зақымдау мониторингі жүйесін енгізу. Спикердің айтуынша, мониторинг барысында жиналған мәліметтер өзіне-өзі қол жұмсау және өзіне-өзі зиян келтіру әрекеттерін анықтаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Аналитикалық өңдеуден кейін мұндай ақпаратты дәлелдерге негізделген саясат пен одан әрі іс-қимыл жоспарларын қалыптастыруда қолдануға болады. Бұл әдіс Ресей мен Ирландия практикасына енді, Түркістан және Қостанай облыстарында да енгізілді. Николай Нигай айтқан төртінші бағдарлама психиатриялық емес бейіндегі мамандар үшін психикалық денсаулық мәселелері бойынша олқылықтарды толықтыруға арналған. «Бұл жалпы практика дәрігерінің және басқа мамандықтардың тәжірибесіндегі психикалық денсаулықтың жиі кездесетін бұзылулары туралы бағдарлама. Бүгінде аталған бағдарлама бойынша Қазақ ұлттық медицина университетінде білім алуда. С. Д. Асфендиярова толықтай бейімделіп, мемлекеттік тілге аударылды», - деді ол.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Медицина,
Жоғары қарай