Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық балуан Румынияда өткен Әлем кубогында жеңімпаз болды

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 17:38

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы «Қызылжар Арландары» спорт клубының мүшесі Мұхит Тұрсынов Румынияның Констанца қалаында халықаралық этникалық мәдениет фестивалі аясында қазақ күресінен өткен Әлем кубогында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Qazaq kuresi» қауымдастығының мәліметінше, Румынияның Констанца қаласында өткен Әлем Кубогына 21 елден келген 128 балуан қатысты.

Жарысты Қазақстан Республикасының «Qazaq kuresi» қауымдастығы, Румыния «Qazaq kuresi» қауымдастығы және Румыния Сыртқы Істер министрлігі ұйымдастырған. Екі ел бірігіп өткізген бұл сайыс - коронавирус пандемиясы басталғалы бері қолға алынған алғашқы ірі халықаралық дода.




«Бұл - Әлем чемпионатының алдындағы дайындық жарысы деуге болады. Жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оған халықаралық мамандардың төл өнерімізге берген жоғары бағалары дәлел. Жарыс барысында солтүстікқазақстандық балуан Мұхит Тұрсынов 100 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды», - делінген хабарламада.

Әлем кубогы барысында ұлттық дәстүр насихатталып қана қоймай, өзге күрес түрлерінен де фестивальдар өтті. Атап айтқанда, құраш, аба және қырым күрестері бойынша сайыстар, ат жарыс, садақ ату, семсерлесу, найзамен айқасу сынды көшпенділер ойындары өтті. Сондай-ақ, тоғызқұмалақ және мангала ойындарының таныстырылымы ұйымдастырылды.

Қазақ күресінен Әлем Кубогында топ жарған спортшылар медальдармен және ақшалай сыйақымен марапатталды.


Жоғары қарай