Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандық 4 боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

2021 жылдың 20 сәуір 2021 04:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Польшада өтіп жатқан жастар арасындағы бокстан әлем біріншілігінде бірден 4 қазақстандық былғары қолғап шебері жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

49 келіге дейінгі салмақта Санжар Ташкенбай өзбек Ибрахим Ишжоновты жеңді.
56 келіге дейінгі салмақта Ерболат Сабыр кубалық Рэй Хорт Родригестен басым түсті.
64 келіге дейінгі салмақта Сабыржан Аққалықов тағы бір кубалық өрен Дарин Фавиеруден, Диас Молжігітов литвалық Александр Трофимчуктен айласын асырды.
Бұлардың бәрі кем дегенде осы әлем чемпионатының қола жүлдесін алатын межеде тұр. Ал ендігі жекпе-жектен сүрінбей өтсе, байрақты бәсекеден алтын алып қайтады.

Автор Ербол Жанат
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай