Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандағы жолдарды жөндеуге қаражат қайдан бөлінеді

2020 жылдың 13 қараша 2020 00:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазавтожол» ҰК» АҚ Торапты дамыту департаментінің директоры Жамбыл Бақтияр елдегі жол құрылысын қаржыландырудың 4 механизмін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда жол құрылысын қаржыландырудың 4 механизмі бар. Біріншіден, негізгі жобаларды біз республикалық бюджеттің есебінен жүзеге асырамыз. Екіншіден, келісімді ратификациялау жолымен мемлекет қарыз алып, сол арқылы қаражат бөлініп, келісімге шартына сәйкес біз жол құрылысы жұмысын жүргіземіз. Үшіншіден «Қазавтожол» компаниясының өзі мемлекеттің кепілдендіруімен қарыз алып, жол құрылысын жүргізеді. Төртіншіден комитет жеке инвесторларды тартады», - деді Жамбыл Бақтияр «Қазавтожол» компаниясының Instagram парақшасында сұрақтарға жауап бере отырып.

Оның айтуынша жол құрылысы, оның қалыпты ұстап тұру қаражатты қажет етеді.

«Инвесторларды тарту жағынан қазір қозғалыс қарқыны азайғандықтан бұл бағыттағы жұмыс бәсеңдеп тұр. Сол себепті жол құрылысы бойынша негізгі жобалар республикалық бюджеттің есебінен жүзеге асырылуда», - деді ол.


Жоғары қарай