Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда жыл басынан қанша шаршы метр баспана пайдалануға берілді

2021 жылдың 12 қазан 2021 09:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бииылғы 9 айда қазақстандықтарға 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл, былтырғы көрсеткіштен 8 пайыз көп. Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин осылай деді. деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрылыстың өсу қарқыны 9,7 пайыз деңгейінде. 9 айда елде 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға көп.

Инвестициялардың қалыпқа келуі белсенді түрде жалғасып, 2 пайыз болды. Ал тау-кен өндірісін есептемегенде – 15,1 пайызды құрап отыр.

Негізгі капиталға инвестициялардың жоғары көрсеткіштері құрылыста, өңдеу өнеркәсібінде, саудада, ауыл шаруашылығында, жылжымайтын мүлік операцияларында, қаржы қызметінде, ақпарат пен байланыста байқалды», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының айтуына қарағанда, іскерлік белсенділікті одан әрі қалпына келтіру және сапалы инвестициялар тарту жұмысын жалғастырып, одан әрі күшейтудің маңызы зор. Сондай-ақ, ол макроэкономикалық көрсеткіштері жоғары өңірлерді атады.

«Қаңтар-қыркүйектің қорытындысы бойынша барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша өсім Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Шымкентте байқалады», - деді Премьер-Министр.


Жоғары қарай