Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қазақстанда жеке автокөлікпен қалалар арасында сапарлауға рұқсат етіледі

2020 жылдың 29 мамыр 2020 15:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов блокпостар алынғаннан кейін, тұрғындар жеке автокөлігімен емін-еркін сапарлай алатынын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маусым айының басынан блокпостар алынады. Сәйкесінше, өңірлер мен облыс орталықтары арасында автокөлік қатынастары жанданады. Осы орайда тұрғындар теміржол немесе автобус көлігімен қатар, жеке көлігімен де сапарлай алады», - деді С. Байғабылов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ведомствоаралық комиссияның 1 маусымнан қалалар арасында блокпосттарды алып тастау шешіміне сәйкес, 5 маусымнан тасымалдау шараларын жандандыру бойынша жұмыстар іске асырылады.



Жоғары қарай