Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда жалған вакцина паспорты мен ПТР тест сатудың 110 фактісі тіркелді

2021 жылдың 6 тамыз 2021 12:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ПТР тесті мен вакцинация паспортын қолдан жасағаны үшін 110 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

5 тамызда Ішкі істер министрлігінде Мемлекет басшысының коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Іс-шараға ҰҚК, БП, СЖҚКА, ҚМА, ДСМ, АҚДМ басшылығы, сондай-ақ ҚР ІІМ жанындағы ведомствоаралық арнайы топтың мүшелері қатысты.

– Жалған медициналық құжаттарды ұсынудың тұтас схемалары анықталды. Кейбір туроператорлар жалған вакцинация паспорттарын шығарумен және сатумен айналысқан. Сонымен қатар, оларды теміржол вокзалдарында, әуежайларда және мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде іске асыру фактілерінің жолы кесілді, – деп хабарлады Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Ведомство басшысы ел Президенті ІІМ жанынан ведомствоаралық арнайы топ құруды тапсырғанын атап өтті.




Топ жалған вакцинация паспортын және ПТР-тестілеу нәтижесн қолдан жасау және сату фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

Осыған байланысты ақпаратты жинау және өңдеу, сондай-ақ анықталған фактілерге ден қою шаралары бойынша өзара іс-қимыл тәртібі айқындалған.

Жыл басынан бері 110 қылмыстық іс тіркелген, оның ішінде 60-ы жалған ПТР-анықтама және 50-і - вакцинация паспортын жасау бойынша.


Жоғары қарай