Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда вирустық гепатитке шалдыққандар саны 60 есеге азайды

2019 жылдың 2 қазан 2019 21:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жоспарлы иммундау нәтижесінде жіті вирустық гепатитке шалдыққандар саны 60 есеге азайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Вирусты гепатит - ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерінің бірі. Қазақстанда В вирустық гепатитіне қарсы жоспарлы иммундаудың арқасында соңғы 20 жылда жіті В вирустық гепатитіне шалдыққандардың саны 59,8 есеге төмендегені байқалады», - деді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры Айжан Есмағамбетова Алматыда өткен вирустық гепатитті элиминациялау бойынша Өңірлік кеңесте.

Сонымен қатар, департамент директоры айтып өткендей, вирустық гепатиттің созылмалы түрлерінің өсуі алаңдаушылық тудырды. Қазақстанда жыл сайын алғаш рет анықталған созылмалы вирустық гепатиттердің 6 мыңнан астам жағдайы тіркеледі. Оның ішінде созылмалы вирустық В гепатитінің үлесіне 48%, созылмалы вирустық С гепатиті 52% құрайды. Бұл ретте вирусты гепатиттердің созылмалы түрлерімен шамамен 87 пайызы 30-дан 60 жасқа дейінгі адамдар шалдығады.

Қазақстанда ауру деңгейін төмендету үшін 2017-2020 жылдарға арналған Жол картасы іске асырылуда, оған сәйкес парентеральды вирустық гепатиттердің алдын алу, диагностикалау, емдеу бойынша шаралар қабылданады. Вирустық гепатиттерді зертханалық диагностикалауға ерекше көңіл бөлінеді: ұлттық деңгейде парентеральды вирустық гепатиттер бойынша Референс-зертхана анықталды, вирустық гепатиттер бойынша сапаны сырттай бағалаудың бірыңғай ұлттық бағдарламасы құрылды.

А. Есмағамбетова атап өткендей, Қазақстанда В және С вирустық гепатиттерін анықтау үшін алдын ала тексеру көптеген жылдар бойы халықтың декреттелген топтары арасында жүргізіледі. Сондай-ақ, 2011 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде гепатокабинеттер мен гепатоорталықтар құрылып, жұмыс істеуде. Вирусты гепатиттермен ауыратын науқастардың вирусқа қарсы препараттарға қол жеткізуі қамтамасыз етілген. 2011 жылдан бастап С гепатиті бар 7 мыңнан астам науқас интерферон режимінде вирусқа қарсы ем алды. 2016 жылдан бастап ТМККК шеңберінде пациенттер тиімділігі 95-100% вирусқа қарсы препараттармен ем қабылдай бастады. Бүгінде 14 мыңға жуық адам вирусқа қарсы тегін терапиямен қамтамасыз етілді.

А. Есмағамбетова өз баяндамасында вирустық гепатит АИТВ немесе туберкулез сияқты халықаралық ауқымда қауіпті екенін айтты. Өлім деңгейі бойынша гепатит туберкулезден кейін 2 орында тұр, ал жұқтырғандар саны АИТВ шалдыққандардан 9 есе көп.

Оның айтуынша, әлемде 325 млн адам В және С гепатитін жұқтырған, жыл сайын 1,4 млн адам осы дерттен көз жұмады. болады. Сонымен қатар, қазіргі заманғы медицинаның В гепатитінің алдын алып емдеуге, ал С гепатитін - толық емдеуге мүмкіндігі бар.

Жоғары қарай