Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда вакцина шығаратын зауыт қашан іске қосылады

2021 жылдың 21 маусым 2021 13:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы қазақстандық вакцина өндіретін зауыттың қашан іске қосылатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде вакцина өндіретін зауыт салу тәжірибесі болмағандықтан халықаралық ұйымдармен байланыс орнатып, АҚШ, Қытайдан құрал-жабдықтарға тапысырыс бердік. Пандемия кезінде сырт елден тауар әкелу оңайға соқпайды. Айта кетейін, кейбір керек құралдарды Шанхайдан біздің елшілік арқылы алдырдық. Бүгінде қажетті құрал-жабдықтың 99 пайызы елге жеткізілді. Оларды орнату жұмысына Қытай, Италия және Украина мамандары жұмылдырылды», - деді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгін аталған зауыттың құрылыс-монтаждау жұмысы аяқталған.

«Күні кеше ғана техникалық сынақ жасап көрдік, бәрі дұрыс. Құрал-жабдықты толықтай орнатып болған соң технологиялық тұрғыдан тексерістен өтеді. Содан соң Денсаулық сақтау және Білім және ғылым министрліктерінің GMP талаптарын растайтын сертификат беріледі. Ол үшін 1,5 ай уақыт қажет. Сертификат алған соң, лицензия берілуі тиіс. Осылайша вакцина зауытын қыркүйек айында іске қосу жоспарланып отыр», - дейді ол.


Жоғары қарай