Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда ұшқышсыз 277 ұшу аппараты есепке тіркелген

2020 жылдың 4 шілде 2020 01:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшыру мен пайдалану тәртібі 2010 жылғы 15 шілдедегі «ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация жұмысы» (31,33 және 45 бап) Заңымен және ҚР Үкіметімен 2011 жылдың 12 мамырында бекітілген әуе кеңістігін пайдалану туралы № 506 бұйрығының 5 ережесімен реттеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰША) кешенді түрде қолданыс аясы кеңейіп келеді. Автоматтандырылған ұшқышсыз авиациялық жүйелер белгілі бір авиациялық жұмыс түрлерін орындау үшін құрылады. ҰША-ның авиациялық жұмыстарының негізгі түріне әуе түсірілімдері мен бақылаулары, әуе геодезиялық және маркшейдерлік, авиациялық-химиялық жұмыстарды атқарып, әуе тасымалын жүзеге асырады.

ҰША-ны ұшыру тәртібі мемлекеттік органдармен ұшыратын аймаққа байланысты реттеледі. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғалар үшін дрондарды сатып алуға және пайдалануға шектеулер белгіленбеген.

Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнама тек ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейді. ҰША көмегімен фото және видео түсіру, жеке деректерді, коммерциялық және басқа құпияларды қорғау мәселелері басқа заңдардың тиісті нормаларымен реттеледі. Сонымен бірге Халықаралық азаматтық авиация ұйымының жіктемесіне сәйкес, ұшқышсыз ұшу аппараттары әуе кемелері әрі әуе қозғалысының толыққанды қатысушысы болып саналады.

Әуе кеңістігін пайдалану (ӘКП) туралы заңның 33-бабының 1-тармағына сәйкес, ҰША қолданысы адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтірмеуі керек. Мүлікті бұлдіріп, басқа әуе кемелеріне қауіп төндірмеуі тиіс. Бұл ретте сонымен қатар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану ережелерінде және ұшқышсыз ұшу аппараттарының пайдалану құжаттамасында белгіленген талаптар сақталуы керек.

ӘКП ережелерінің 82-5 тармағына сәйкес, ұшқышсыз ұшу аппаратын мына жағдайда пайдалануға болмайды:

1) ұшу және қону кезінде - кез-келген адамнан көлденеңінен 50 метр қашықтықта (пилотсыз ұшуды басқаратын адамнан басқа), басқа көлік құралы, ғимараттар немесе құрылыстарға жақын маңда;

2) ұшу кезінде - кез-келген адамнан (пилотсыз ұшу аппаратын басқаратын адамды қоспағанда) көлденеңінен 100 метрд жақын жерде, басқа көлік құралы, ғимарат немесе құрылым болмағанда;

3) барлық жағдайларда, адамдар мен (немесе) көлік құралдарынан көлденеңінен 150 метрден жақын жерде;

4) шектеулі ұшу аймақтарында тыйым салынған және қауіпті ұшу аймақтарында.

Сонымен қатар ҰША қолданысына байланысты қылмыстардың жолын кесу мәселелері құқық қорғау органдарының құзыретіне кіреді.

Естеріңізге сала кетейік 2020 жылдың маусым айындағы көрсеткіш бойынша елде ұшқышсыз 277 ұшу аппараты тіркелген.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай