Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда «Ұлы дала таңы» фильмі түсіріле бастады

2021 жылдың 25 ақпан 2021 23:24

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілім жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін, 25 ақпанда Алматы облысы Жаркент ауданы Көктал ауылының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімі басталды. Бұл жайында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Кинотуындыны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсіреді. Ауа райының уақытша суығаны түсіру тобына қыс мезгіліндегі табиғатты түсіріп алуға мүмкіндік берді. Өндіріс кестесіне сәйкес, 2 күннен кейін түсірілім тобы өз жұмыстарын жалғастыру үшін Кеген ауылының маңына көшеді» делінген киностудия мәліметінде.

Фильмде Қазақ хандығында Қасым хан билік еткен кезеңде мемлекет өркендеп, Шығыс Дешті-Қыпшақтың кең аумағына бақылау орнатылғаны туралы баяндалады.




Дәл осы жылдары қазақтар дербес этникалық қауымдастық ретінде біздің аумақтан тыс жерлерге де белгілі болды.










Жоғары қарай