Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда Ұлттық тұрақты даму бағдарламасын әзірлеу ұсынылды

2020 жылдың 22 қазан 2020 11:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің экономикалық жаңғыру бойынша жұмыс тобының атынан Арман Қашқынбеков 2030 жылға дейінгі тұрақты даму туралы ұлттық бағдарламаны әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президенттің биылғы Жолдауында, Үкіметтің отырыстарында тұрақты даму мен ұлттық парктерді, экотуризмді және экотурларлы дамыту бойынша жасыл экономикаларға ерекше назар аударылған болатын. Сонымен қатар Қазақстан 4 жыл бұрын климаттың өзгеруі бойынша Париж келісімін ратификациялады. Сол келісімге сай біз 2030 жылға дейін қалдықтарды 15 пайызға дейін азайтуға міндеттелдік. Осыған байланысты біз 10 жылға арналған 2030 жылға дейінгі тұрақты даму туралы ұлттық бағдарламаны әзірлеу туралы ұсыныс білдіреміз. Сол бағдарлама арқылы экожүйелер, сатып алу сипатындағы экономика, жаңа механизмдерді енгізу көзделеді», - деді Арман Қашқынбеков.

Оның айтуынша кейінгі кезде ірі қалалардағы ауа сапасына қатысты қоғамда әртүрлі сын айтылып жатыр.

«Біз бұл ретте Экология министрлігі мен БҰҰ Даму бағдарламасымен, «Талап» орталығымен бірге арнайы жоба әзірлеуді ұсынамыз», - деді ол.


Жоғары қарай