Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда уақытша тұруға рұқсатты қалай рәсімдеуге болады

2021 жылдың 16 желтоқсан 2021 01:51

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО полицейлері уақытша тұруға ықтиярхатты қалай рәсімдеуге болатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, уақытша тұруға ықтиярхат – шетелдік азаматқа ел аумағында болу мақсатына қарай белгілі бір мерзімге тұру құқығын беретін құжат.

«Уақытша тұруға ықтиярхат келесі мақсаттар үшін 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі: еңбек қызметін жүзеге асыру, отбасын біріктіру, оқу, бизнес иммигрант ретіндегі кәсіпкерлік қызмет және емделу. Қабылдаушы тарап (жеке немесе заңды тұлға) шетел азаматының тұратын жері бойынша көші-қон қызметінің бөлімшелеріне өтінішпен жүгінеді. Уақытша тұруға ықтиярхаттың уақтылы ресімделмегені үшін қабылдаушы тарап жауапты», - деді ШҚО ДП көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Өтінішке шетелдік азаматтың төлқұжаты мен осы елде болу мақсатын растайтын құжат қоса берілуі тиіс.

16 жастан асқан балалар уақытша тұруға рұқсатқа өтініш беруі керек. Өтінішке баланың туу туралы куәлігі қоса берілуі тиіс.

Айта кетейік, уақытша тұруға ықтиярхаттың уақтылы ресімделмеуі және шетелдіктің Қазақстан Республикасынан мерзімі аяқталғаннан кейін шықпауы оның және қабылдаушы тараптың әкімшілік жауапкершілікке тартылуына әкеліп соғады.

Жоғары қарай