Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда түйе шаруашылығын дамыту және фермерлерді субсидиялау мәселелері талқыланды

2020 жылдың 25 қараша 2020 20:28

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Түркістан облысы бойынша филиалы елімізде түйе шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша көшпелі семинар-кеңес өткізді. Партия белсенділері түйе шаруашылығын дамыту мен кәсіппен айналысатын фермерлерді субсидиялау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырар ауданына қарасты Қарақоңыр ауылында өткен басқосуда «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілдері түйе өсіретін шаруаларға берілетін субсидия көлемін арттыру мен олардың шығындарын ескеру керектігін сөз етті. Мамандардың айтуынша, түйе сүтіне сұраныс артқанымен өзіндік құнын ақтамауда. Ал, субсидия тек өңделген сүтіне ғана беріледі. Көптеген қымыран өндірушілер арнайы цехтардың болмауынан субсидияға қол жеткізе алмауда. Түйе тұымынан негізі сүт, ет пен жүн өндірілетіні белгілі. Ал, шаруаны қынжылтатыны өндірілген өнімдерді қайта өңдеу технологиясының кенжелеп тұрғаны. Осы ретте мамандар түйе етін ас мәзіріне енгізуді ұсынады. Әрбір асыл тұқымды түйе мен тауарлы аналық басқа бюджеттен арнайы қаражат қарастырылса деп отыр. Сондай-ақ, түйеге бөлінетін субсидияға көбірек көңіл бөлінген дұрыс деп санайды. Бұдан өзге түйе малын банктер кепілдікке алмағандықтан, кепілдікке қою мәселелерін қарастыру қажет екенін алға тартады.








Жоғары қарай