Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында қайда хабарласуға болады

2020 жылдың 22 қазан 2020 13:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері 150 нөмірі бойынша жедел желіге тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарынан 2300-ден астам өтініш келіп түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру және агрессорлармен жұмыс істеу жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасын іске асыруда.

Қазақстанда отбасылық зорлық-зомбылық проблемасы өзекті болып отыр. Азаматтар отбасындағы осындай проблемаларды ашық қоғамдық талқылау объектісіне айналдырғысы келмейді. Дағдарыс орталықтары одағының мәліметі бойынша ағымдағы жылдың наурыз-қыркүйек айларында ғана 150 нөмірі бойынша жедел желіге тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарынан 2300-ден астам өтініш келіп түсті.
Елімізде алғаш рет осы бағыттағы әлеуметтік жоба неміс мамандарының қатысуымен жүзеге асырылуда.

«Жоба ерлі-зайыптыларға арнайы техниканы қамтитын консультациялар мен тренингтер арқылы зорлық-зомбылыққа қатысты агрессивті мінез-құлық пен көзқарасты түзетуді қарастырады. Бұдан басқа, Одақ психологтар мен психотерапевттерге арналған қазақ және орыс тілдерінде арнайы нұсқаулықтар әзірледі. Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі отбасылық қызмет» кабинетінде күндізгі кеңес беру үшін 4 штаттық қызметкер, оның ішінде психологтар мен психотерапевттер жұмыс істейді. Сондай-ақ, қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды», - деп тап өтті «Дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ басшысы Зүлфия Байсақова

Сарапшының айтуынша, өкінішке орай, бүгінде қорғаныс пен көмекке жүгінетін адамдар азаймай отыр.
Сондықтан қиын өмірлік жағдайды басынан кешірген қазақстандықтар еліміздің кез келген нүктесінен 150 нөміріне тәулік бойы, тегін және жасырын қоңырау шала алады.


Жоғары қарай