Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда тұрмыстық газ баллонын қолданудың жаңа механизмі әзірленеді

2021 жылдың 29 қараша 2021 16:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде тұрмыстық газ баллонын қолданудың жаңа механизмі әзірленіп жатыр. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментінің директоры Құдайберген Арымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда тұрмыстық газды қолдану жүйесін мемлекеттік бақылауға қатысты реформа қолға алынып жатыр. Жаңа реформаға сәйкес елімізде газ тарату, қолдану және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жоспардан тыс тексеру құқығы қарастырылмақ. Яғни, біз газ тарату бекеттерін аралап қызметінің заңдылығын тексеретін боламыз», - деді Құдайберген Арымбек ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, заңбұзушылық анықталған жағдайда тиісті шара қолданылады.

«Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бар, оған сәйкес тұрмыстық газ баллонын қолданудың жаңа механизмі әзірленеді. Үкімет басшысының аталған тапсырмасын орындауға кірістік, оның мерзімі - 2022 жылдың маусым айы», - дейді ол.


Жоғары қарай