Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Қазақстанда төтенше жағдай енгізілуі: Ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтатылды

2020 жылдың 15 наурыз 2020 15:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда Президенттің Жарлыққа қол қоюуымен енгізілген төтенше жағдайға байланысты ірі сауда нысандардың жұмысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін. Ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуіне шектеу қойылсын», - делінген Президенттің Жарлығында.

Сонымен қатар Жарлық бойынша сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметін тоқтатылатын болды.


Жоғары қарай