Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда тілге және ұлтаралық қатынасқа қатысты мәселе жоқ – Юрий Ли

2021 жылдың 21 тамыз 2021 17:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда тіл мәселесі, ұлттық мәселе мүлдем көтеріліп отырған жоқ. Мұндай пікірді Қазақстан Конституциясы күніне арналған «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылдығы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында Мәжіліс депутаты Юрий Ли білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, Қазақстанда ұлтына қарамастан кез келген адамның бизнесте де, мемлекеттік қызметте де ілгерілеуіне мүмкінді берілген. Елімізде барлық дерлік этностардың өкілдері мемлекеттік биліктің түрлі деңгейңінде еңбек етіп, түрлі мемлекеттік тапсырмаларды шешуге қатысып келеді. Бұған қоса, мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі де барлық жерде қолданылады.

«Бұл біз көріп отырған факті», - деп атап өтеді Мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар ол еліміздің Конституциясымен қазақстандық этностардың тілін, мәдениеті мен дәстүрін дамытуға барлық жағдай қарастырылғандығына кеңінен тоқталды. Тіліне, жынысына, нәсіліне және басқа да белгілеріне байланысты кез келген кемсітушілікке тыйым салынғандығына назар аудартты. Еліміздің білім беру стандарттары барлық этносқа өздерінің мәдени-тілдік қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік беретіндігін баса айтты.

«Тіл мәселесі, ұлттық мәселе мүлдем көтеріліп отырған жоқ», - деді Юрий Ли.

Айта кетейік, іс-шараға Мәжіліс депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы сараптамалық кеңесінің мүшелері, зиялы қауым мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Олар азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, Ата заңның нормаларымен бекітілген теңдік, бірлік, заң үстемдігі қағидаттары туралы мәселелерді қозғады. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы елдегі этносаралық, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етусаласындағы маңызды жетістіктері талқыланды.


Жоғары қарай