Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда теміржол паркіне 600 жаңа вагон қосылады

2020 жылдың 27 қараша 2020 11:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 2025 жылға дейін жолаушылар теміржол паркі 600 жаңа вагонмен толығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ паркін жаңарту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жыл сайын 100 жаңа вагон сатып алу көзделген. Биыл сатып алынған 50 вагон жолаушы тасымалдауға кіріскен.

Вагондар келесі бағыттар бойынша бөлінген:

Нұр-Сұлтан – Арқалық (14),

Нұр-Сұлтан – Семей (8),

Атырау – Маңғыстау (18),

Алматы – Жезқазған (10).

Жыл соңына дейін Қызылорда – Семей, Алматы – Өскемен, Нұр-Сұлтан – Семей, Алматы - Маңғыстау бағыттарының жолаушыларын қуантатын тағы 50 жаңа вагонын сатып алу жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, былтыр «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы 109 вагонды жаңартты.

Осы уақыт ішінде теміржолда 340 млн тонна жүк тасымалданды. Жүк айналымы 247,8 млрд т/км деңгейінде тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6% - ға артты.


Басты сөздер: Көлік, Құрылыс,
Жоғары қарай