Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда теміржол арқылы жүк тасымалы көлемін арттыру жұмыстары жүргізілуде

2021 жылдың 16 қазан 2021 06:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жолдың өткізу қабілетін арттыру үшін инфрақұрылымды күшейту бойынша жобаларды іске асыруда, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылы Достық-Мойынты теміржол желісін жаңғырту басталды. Жоба 2025 жылға дейінгі «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы» стратегиялық құжатына енгізілген. Оны жүзеге асыру пойыздар қозғалысы жылдамдығын тәулігіне 1500 км-ге дейін арттыруға және Қазақстан аумағы арқылы Қытай– Еуропа негізгі транзиттік дәлізінің өткізу қабілетін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2022 жылы Алматы айналасында айналма желі құрылысын бастау жоспарлануда. Жоба транзиттік жүк ағынын жаңа қысқа бағытқа ауыстыруға, қозғалыс жылдамдығын арттыруға және Алматы-1 станциясы жүктемесін 40% дейін түсіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Өзбекстанмен шекарада өткізу қабілетін арттыру үшін Дарбаза-Мақтаарал желісі салынады. Жаңа желі Өзбекстанмен қатынаста жүктердің қосымша көлемін тарту мүмкіндігін қамтамасыз етеді және Сарыағаш–Келес шекара өткеліндегі жүктемені төмендетеді.


Жоғары қарай