Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда тәулігіне 30 мың тест жасалады

2020 жылдың 25 маусым 2020 19:09

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда пандемия басталғалы бері коронавирусқа тест жүргізу күніне 5 мыңнан 30 мыңға дейін өсті. Бұл туралы Ұлттық сараптама орталығының директоры Арнұр Нұртаев қоғамдық кеңестің отырысында айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда пандемия басталған кезде коронавирусқа күніне мың тест жасалатын. Қазір жоспарға сәйкес және пандемияның өршуін ескере отырып тест тапсырудың қуаты артты. Қазіргі уақытта күніне 30 мың адам коронавирусқа тест тапсырады. Бастапқыда 18 зертхана болса, бүгінде 50-ден астам зертхана жұмыс істейді, оның ішінде жекеменшіктер де бар», - деді Арнұр Нұртаев.

Оның айтуынша, шілде айында зертханалардың қуаты тәулігіне 40 мың тестке дейін ұлғаяды.

Сонымен қатар, ол зертханалардың жабылуына сол мекемедегі қызметкерлердің C0VID-19 жұқтыруы себеп болғанын тілге тиек етті.

«Зерханада адамдар жұмыс істейді. Олар халықты тестілеуден өткізеді. Өкінішке қарай, сақтық шараларын қолданса да, оларда вирус жұқтыру қаупі өте жоғары. Лаборатория қызметкерлері арасында вирус жұқтырған жағдайлар тіркелді. Сондықтан дезинфекциялық жұмыс жүргізу үшін бірнеше күнге жабылады», - деді Ұлттық сараптама орталығының директоры.


Жоғары қарай