Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда сұйытылған газ бағасы төмендейді

2020 жылдың 3 сәуір 2020 15:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде мемлекеттік реттеуді енгізу арқылы төтенше жағдай кезінде автокөліктерге арналған сұйытылған газдың бағасы тұрақтандырылады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында Энергетика министрлігіне Ұлттық экономика және Әділет министрліктерімен бірлесіп, автогаз құю стансаларындағы сұйытылған мұнай газын сатуға арналған уақытша мемлекеттік бағалық реттеу енгізу шараларын қабылдау тапсырылған.

«Егер бұрын жанар-жағармай құю стансаларындағы сұйытылған мұнай газына бағаны нарық реттесе, енді төтенше жағдай енгізілгеннен кейін Энергетика министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, барлық 2165 жанармай құю бекеттеріндегі ең төменгі және ең жоғары бағаларды талдап, мемлекет реттейтін бағалық шектеулерді орнатты. Әр аймақтағы баға логистикалық шығындарға, зауыттардың географиялық жақындығына, жанар-жағар май стансаларының санына, тұтынушыларға және тағы басқаларға байланысты. Тұтастай алғанда, Қазақстанда сұйытылған мұнай газының орташа бағасы 8 пайыз төмендейді», - деді министрліктен.

Мұнан өзге де шаралар қолданылды. Мысалы АМӨЗ сақтау паркінен сұйытылған мұнай газының өткізу бағасы тоннасына 62 мыңнан 56 мың теңгеге дейін төмендеді.

Үш министрліктің бірлескен бұйрығы 2020 жылдың 1 сәуірінде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды. Қазіргі уақытта құжат бекітілді және Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберілді.


Жоғары қарай